Зайсан ауданының әкімдігінің 2013 жылғы
19 ақпандағы «2013 жылы ақылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы»
№ 1435 қаулысының күшін жою туралы
19 ақпандағы «2013 жылы ақылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы»
№ 1435 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зайсан ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 19 ақпандағы «2013 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 1435 (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2916 нөмірімен 2013 жылғы 26 наурызда тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 30 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі
А. Оңдақанов