Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 және «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы» 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Агроөнеркәсiптiк кешендi мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау қағидаларында:
1-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесінде:
реттік нөмірлері 5, 6 және 7-жолдар алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
А. Мамин